Жасұлан, Black & White - Бұрымды қыз

Қазақ қыздары қай дәуірде болмасын сұлулығымен, сымбатымен, тәрбиесімен ерекшеленген. Жарасымды киініп, түрлі әшекей бұйымдарын тағып, шашын қос бұрым етіп өріп, сымбатына сәні жарасқан. Көптеген ақындар мен сал-серілер арулардың осы бір ерекше көрік беріп тұратын керемет бұйымдарына тамсанып, өлең шумақтарын арнап, әнге қосып отырған. Ал жаңа бейнебаянын "Бұрымды қыз" атаған Жасұлан Нұрқалиевтің мына бір туындысы қалай шыққанын тамашалаңыздар.