Melo'men – Тәтті сезім

"Меломен" тобының жігіттері "Тәтті сезім" атты бір әніне бейнебаян түсірді. Әлеуметтік желі арқылы бір арумен танысқан төрт жігіт те онымен кездесуге асығады. Жол бойы ол аруды көзіне елестетіп түрлі образдағы ғашықтардың рөлін сомдайды. Клип соңында әлгі әдемі арудың фотосын ұстаған басқа қыз келіп, төрт жігіттің фотосын біріктіріп "Меломен" деген топ құру туралы ұсыныс жасайды. Бұл клиптің сюжеті ме, әлде жігіттердің басынан дәл осындай оқиға өттіме  ол жағы жұмбақ болып қалды.