Әли Оқапов – Жаңғырық

Кеше ғана көктемді күңіренте бес күндік жалғанмен қоштасып, мәңгілік сапарға аттанған Батырхан Шүкеновтің қазасы күллі қазақ жұртшылығының ғана емес, ТМД елдерінің де қабырғасын қайыстырып кетті. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен көгілдір экраннан Батырханның жұлдызды шағы қайта туғандай тағы бір жарқырап шыққан болатын. Осы бір ұмытылмас тұлғаның есімі мәңгі жадымызда қалатынына Әли Оқаповтың "Жаңғырық" атты бейнебаяны дәлел. Атағы жер жара бастаған сәттен ел есінде келе жатқан әншіні сол замандағы қатарластары ғана емес, жаңа ғасырдың жас буындары да мәңгі жадында сақтап, мақтан тұтады.