Қоңыр тобы - Бесік жыры

Қазақ эстрадасында өзіндік ерекшелігі мен әуезді үні бар "Қоңыр" тобы, "Бесік жыры" атты жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Жаңа туған балаға бесік жырын айту ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мұра болып саналады. Осы бір ұлттық құндылықтарымыздың қатарына кіретін әдемі ғұрыптың бүгінде жоғалып бара жатқанына қаймығып, қалың жұртшылықтың қаперіне салғандай болды.