Бикен Римова - қазақ сахнасының саңлағы

Бикен Римова - қазақ сахнасының саңлағы

Бикен Римова 1923 жылы Талдықорған қаласы, Қаратал ауданында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықтар мен жоқшылыққа толы болды. Жұт пен ашаршылықтан құтылу үшін анасы екеуі Қырғыз еліне көшіп кеткен.


1943 жылы Алматы көркем-театр училищесін бітіреді. 1941 жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, ғұмырының соңына дейін әкем театрда қызмет атқарды. Өзінің шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталады. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде» Еңлік, «Қаракөзде» Маржан, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Жер-Ана, Н.Гогольдің «Ревизорында» Пошлепкина т.с.с. рөлдері ерекше атап өту қажет.


Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» қойылымындағы Жер-Ана образында Бикен Римова қайғыдан қара жамылған ана бейнесімен қатар, ертеңгі күніне сенімді әрі батыл әйелдің образын көрсете білді.

Оның айрықша рөлдерінің бірі - Қорлан бейнесі. Осы рөлді сомдау барысында Қорлан аруға ес-түссіз ғашық болған Естайдың әнін орындаған еді. Жетпіске қараған шағында Бикен Римова театр сахнасымен қоштасқан кезде осы әнді шырқаған.


Ол «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Шабандоз қыз», «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясына түсті.

Бикен Римова 1966 жылы Қазақ ССР Халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағын иеленді. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

Ғ. Ұзақ