2RAR & Taspay – Monster
Сені сонша тостым, неге?
Неге нағыз монстр мен?
Соңғы кездерде бұл ғарыш тым алыс болатын
Болса да бір қарыс арамыз.
Өтті-кетті дегендей...
Енді бір-бірімізге бөтен боп қаламыз.
Біздің орманымыз
Күл қалдыратын отқа оранды.
Кете бер еркін құс.
Сен де далада қалмаймын қаңғып.
Жаным оңалар, иә, жара жазылар.
Бірақ бірден үйренісу қиын, кейде жын ұрады.
Сыйқы кеткен үйдей қаңырап
Бос кеудем.
Тереземнің алдын басты қырау.
Маған беймәлім қай ісім үшін бұл сұрау.
Сыйқы кеткен үйдей қаңырап
Бос кеудем.
Сені сонша тостым, неге?
Неге нағыз монстр мен?
Мен білмеймін, білгім де келмейді.
Санам қанша тырысса да жүрегімді жеңбейді.
Қоя салшы өзге қызды: түк те ешкім ілмейді.
Олар тек тәнім үшін мүлде басқа деңгей.
Қанша жуынсаң да күнәңді жумайды.
Қанша сөз айтылса да мәні болмайды.
Бірақ қаншама қыз құмарланып келіп тұрса да
Маған неге сенің қырсықтығың ұнайды.
Сенің анаң да жақтырмайтын мені.
Бұл бір жүрген есалаң бақ тұрмайтын деді.
Сонда да әр таңыңды менімен атырып,
Қайырлы түн тілемей ұйықтамайтын едің.
Айтшы неге, кінә кімнен?
Неге, неге кінәлі мен?
Дұрыс білген
Бұл бәрін жұтқан монстр туралы өлең
Бәрін құртқан монстр неге мен?