2Rar - Ertegi emes
Қазақ эстрадасында жаңа есім – Тұрар. Сахналық есімі – 2Rar. Өзінің жаңа бейнебаянымен бөліседі.
Сен сүйгенде соқыр болдым неліктен?
Жүректегі сезім мұзды еріткен.
Енді мені кешір, жаным.
Енді мен кешір, жаным.
Иә, білемін, бағалай алмадым
Менің қателігім —
Сенен айырылып қалғаным.
Қаншама армандадық,
Қаншама бірге самғадық.
Бірақ та, түбінде бәрібір бірге болмадық.
Білесің бе, бұлттар да сені көктен сақтаған,
Сенің қасында қалған болсын деп жақсы адам.
Сендей періштеге лайықты жақсы адам.
Сондықтан, ертегі деп мені алып тастаған.
Сен сүйгенде соқыр болдым неліктен?
Жүректегі сезім мұзды еріткен.
Енді мені кешір, жаным.
Енді мен кешір, жаным.
Иә білемін, бәріне мен кінәлі,
Жалығып өзіңнен, жалғыздықты сұрадым.
Қызығы қанша қыз, аймалап жатса да,
Сенің тәтті күлкіңді есіме алып тұрамын.
Өзімнің өтірік көкірегімді жеңе алмай,
Енді бәрі кеш, уақыт артқа келе алмайды,
Көзімен жас шығардай, болады кей кезде,
Бірақ әкем айтқан “еркектер жыламайды”.
Бос бөлмені толтырған көк түтін,
Жалықтым, сынбай сезім бүтін,
Шаршадым ойлап күн де, түн де,
Ойыма келме мүлде.