2Rar & Madina - Жұлдызды түнде

Өзің де білесің уақыт қайта алмайды
Ойнайсың, күлесің, өтеді, байқалмайды.
Не керегін саған ешкім айта алмайды,
Уақыт тез өтеді тағы қайталаймын.
Ия ия ия солай, солай, өтеді бәрі де оңай,
Қаншама армандар алда,
Орындалмаса жоқ жаным болмайды, болмайды,
Болашаққа сәлем жолдаймын
Тағы да бір арман орындалды
Мадинамен дует қалай, а?

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.

Жұлдызды түн, ашық аспан,
Сансыз ойлар, ұйқы қашқан.
Аңсаған арманға жету үшін мен
Бастағанмын, бәрін бастан
Бәрін бастан, ойланбастан,
Ақырын өнердің жолын ашқанмын
Түнгі армандар, тындармандар,
Ештеңе қызықсыз одан басқа
Талай адам таста деген
Өнермен адам сен бола алмайсың деп
Ойлағаның сенің босқа деген,
Өзіңді өзің неге алдайсың деп.
Босқа айта берсін сен жана алмайсын деп
Басқа әкелем өнерге жаңа жарқын деп

Жұлдызды түнде шаттанамын,
Қайтейін тебіреніп жатса жаным.
Ағарып атса, таңға қимаймын,
Жалғанға жалғыз симаймын.




Бөлісу: