Қайрат Баекенов және Маржан Арапбаева - "Қыздар мен жігіттер"

Қайрат Баекенов және Маржан Арапбаева - Қыздар мен жігіттер
(сөзі: Қанат Жүнісов, әні: Қайрат Баекенов)

Қыздар-ай, қыздар-ай
Оу, шіркін, қандайсыңдар
Жарысып ерлермен, қалмайсыңдар!
Неге, неге олай?
Өзгерді қыздар бұлай, оу!

Айтайық, ер жігіт, ендеше сырымызды
Жүрсіңдер кінәлап бекерге бізді.
Жалған шығар мүмкін,
Ойланшы, жігітім!

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда?!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай
Ғұмыр кешіп, аааааааааа.

Жанымды әзілмен, ой сәулем, жадыратшы
Байқасам қыздардың бәрі жақсы
Жаман әйел, айнам,
Шығады екен қайдан? Оу

Жақсы ер жан-жарын аялап, күтеді
Жаман ер асыл жарын күң етеді.
Солай болар бәлкім
Қайдан білсін әркім?

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай
Ғұмыр кешіп, аааааааааа

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып, алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда?!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай
Ғұмыр кешіп, аааааааааа