Мәдина Сәдуақасова - "Айтатын саған сырым бұл"

Айтатын саған сырым бұл (сөзі: М.Мақатаев, әні: Ғ.Секеев)

Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп дымым құрып жүр,
Адасып менен құлын жыр.[kazchords.kz - аккорды и тексты казахстанских песен]

Айтатын саған сырым бұл,
Бастаудың мұздай суымен.
Жоқ бола кетсем жуындыр
Өртенген жанды суындыр.

Ерте келіп, ерте кетіп
Шарамды тауысып төңкеріп
Кетем бе деп, қорқамын
Өз отыма өртеніп.

Бұлақтың мұздай суымен
Жуындыр мені, жуындыр
Қауышып жанның жырымен
Алайын сосын тыным бір.

Ерте келіп, ерте кетіп
Шарамды тауысып төңкеріп
Кетем бе деп, қорқамын
Өз отыма өртеніп.