Азимбек Байлин - Мен үшін Лондон ауылда!

Мен үшін ауыл Лондонда
Асығамын сонда баруға
Теңізден артық көк суым
Шөлімді басып алуға
Стамбул, Тайланд көр мейлі
Әлемді көрген жөн дейді
Дегенмен Париж, Дубай да
Ауылға мүлдем жетпейді

Керек емес кереметі шет елдің
Демалыста ауылыма кетемін
Табиғаты тең келмейтін әлемнің,
Туған жерім туып өскен мекенім

Керек емес кереметі шет елдің
Демалыста ауылыма кетемін
Табиғаты тең келмейтін әлемнің,
Туған жерім туып өскен мекенім

Ауылым алтын бесігім
Барамын, нақты шешімім
Барамын кетіп ауылға
Ағайын туған бауырға
Сағыныш толы кеудемде
Босатып шіркін алуға

Керек емес кереметі шет елдің
Демалыста ауылыма кетемін
Табиғаты тең келмейтін әлемнің,
Туған жерім туып өскен мекенім



Бөлісу: