Төреғали & Қуандық & Әбдіжаппар & Ернар & Нұрболат & Қайрат & Еркін - Алақанымнан ұшқан аққуым

Алақанымнан ұшқан аққуым текст

Алақаннан ұшқан аққуым,
Барасың ұзап шалғайға,
Қанатың қалқам талмайма,
Жаныңа медет болғайда,
Қанатың қалқам талмайма,
Жазылған тағдыр маңдайға.

Желкілдеп өскен құрағым,
Еркінде өскен шырағым.
Әкеңнің барма арманы,
Табылса теңің сыңарың.

Қарлыгаш қанат қарағым,
Қайырлы болса қадамың.
Өзіңсің енді елшісі,
Кең жайлау екі араның.

Алақанымнан ұшқан ақ құсым,
Осы үйге сенде бақ құсың.
Алыстап бара жатқаның,
Арқама менің батты шын.

Жақсыға шаттық болама,
Жаманға көңілім толама ай.
Жұбыңмен келіп тұрғайсың,
Жалғыздан жалғыз оралма.

Қимайды туыс ұяны,
Жауының жатқа қияма.
Ақ Орда алтын бесігің,
Келіп жүр ұшқан ұяңа.