ADEKE & SQ-NIGHT - Қисық қабырғам

Мен төмен құласам,

Қол жай да дұға ет.

Қисық қабырғам, бәрін

Тәңірден сұра тек.

Біз үшін берекет сұра.

Мен соған әрекет қылам.

Уайымсыз өмір сүр,

Артында мен тұрам.

 

Қаптаса сұрақтар

Жаратқанға бар да сыр ақтар.

Тозақтан бұрын сәждеге құлап қал.

Үлгер, құтқарады Әл-Жаббар.

Жүректегі жасыңды сүрте алмай,

Жаратқанның алдына жылап бар.

Ол құлатады, ол жалатады, ол жұбатады,

Әл-Жаббар.

 

Тура тамшы бөлшектен

Сені маған көрсеткен.

Қолдау сұрап құдайдан,

Жоғалмайды өлсек те.

 

Қайырма

Мен төмен құласам,

Қол жай да дұға ет.

Қисық қабырғам, бәрін

Тәңірден сұра тек.

Біз үшін берекет сұра.

Мен соған әрекет қылам.

Уайымсыз өмір сүр,

Артында мен тұрам.

 

Сен жүрегіме орналастың,

Ол жаққа ешкімді кіргізбеймін.

Менің басқан ізімді бас.

Жұмаққа қарай жол іздеймін.