NINETY ONE - ABUSE

ALEM:
Соғыс жарияладың қалай?
Жүрегімде жан қалмай
Тілінген өткір тілден әрбір ойланбаған сөздерің де дәл оқтай
Кеудемді теседі дым да қалдырмай

BALA:
Baby, мені көмдің-көмдің, тірідей мен неге өлдім?
Сенің зұлым болғаныңды қаламайм, бірақ өлтірдің оңай.

ACE:
Түнегімде тоңдым,
Сыбырлайды сол иықтан:
"Негізінде махаббат ол осындай"
Сене алмаймын оған, жоқ!
Мен үрлеймін күлді, оу, жағу үшін одан от
Көздеріңде бар сезім бірақ...

BALA:
Таппадым мейірім.

ZAQ:
Таста, болды бас тарт, менің жүйкем - сендік аспап,
Аспан төгіп жастарын, тағы күйіммен кеп басқарды
Білем теңге-тең, тек дегенмен кеудеге тікен бастың
Білем теңге-тең, білем мен де кем, сен де шектен кеп астың,
Еден күтіп алсын көйлегіңді, мен енді күтем бөлек үнді,
Сен берсең болды көмегіңді, мен.... аяқтамайм сөйлемімді.

ALEM:
Түнегімде тоңдым,
Сыбырлайды сол иықтан:
"Негізінде махаббат ол осындай"
Сене алмайм оған, жоқ!
Мен үрлеймін күлді,оу жағу үшін одан от
Көздеріңде бар сезім бірақ...

BALA:
Таппадым мейірім.