Қарақат Әбілдина - Замандастарым

Қу дүние қуып жақыннан суып
Кеткендер қанша өмірдей
Бәрі де жалған, бәрідей қалған
Байлыққа сонша берілмей

[Қайырмасы]
Шын байлық деген - адал достарың
Жақсымен бірге қадам басқаның
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым

Желсізге ерсең - түседі енсең
Өтеді босқа уақытың
Құрметке құрмет көрсету міндет
Жалғанда басқа бақыт жоқ

[Қайырмасы]
Шын байлық деген - адал достарың
Жақсымен бірге қадам басқаның
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым

[Қайырмасы]
Шын байлық деген - адал достарың
Жақсымен бірге қадам басқаның
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым
Сыйластық сәні өмірдің мәні
Сол ғана, замандастарым