Бүгін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізбек

Бүгін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізбек

Бүгін, 5 маусым күні, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Армения арасында жолдастық кездесу өтеді. Кездесу Ереван қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, еревандық стадион "Раздан"-да қайта құру жұмыстары жүріп жатқандықтан, кездесу Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. 

Айта кетсек, ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге жастар құрамасының ойыншылары Бауыржан Жолшиев пен Бауыржан Исламхан дайындалуда. Сонымен қатар, өткен жолдастық кездесу алдында температурасы көтерілген Сергей Гридин, Сергей Остапенко  және Жамбыл Көкеевтер қалпына келіп үлгерді. Алайда бұл жолы Қазақстан құрамасы алдыңғы жолдастық кездесуде жарақат алған Сергей Хижниченкосыз ойнайтын болады. 

Ереванда өтетін матч трансляциясын қазақстандық жанкүйерлер көре алмайды. "Трансляциялау құқықтарымен проблемалар бар, ал құқыққа ие компания әзірше бізге матчты көру мүмкіндігін бермеуде", - деп Ұлттық футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев twitter-дегі аккаунтына жазды. 

Айта кетсек, ФИФА-ның мамыр айында жасаған рейтингісі бойынша Армения құрамасы 47-орында болса, Қазақстан 137-орында тұрақтапты. 

Сурет: vesti.kz

Ж. FM