Marhaba Sabi - Qazaqsha

Әні: Сакен Мұсағалиев
Сөзі: Мархаба Сәби
Аранжировка: Iliyas Toleu
Сурет: Дархан Бегдатұлы

Құлағымда қазақша үн
Жүрегімде қазақша мұң
Көңілімде қазақша сыр
Қиялымда қазақша жыр
Мінезімде қазақы қыр
Болмысым да қазақы
Терезем тең
Артық емес
Емес кем!

Сүйем, ойлайм (ын), күлем
Күйем, жылайм (ын), қалайм (ын), жырлаймын
Қазақша
Сезем, ренжим (ін), бұлдайм (ын)
Жазам, сынайм (ын), талдайм (ын) сыйлаймын
Қазақша.

Құлағымда қазақша ән
Тамырымда қазақы қан
Кеудемдегі қазақы жан.
Терезем тең
Артық емес
Емес кем!