Сәкен Майғазиев - Қалың қалай?

Аманбысың, адал құсым
Сағынғанда келіп қалармысың?
Анда-санда мені сен де есіңе алармысың
Іздесең мені
Музарт салған
Әннен іздеп табармысың
Мөлдір көзіңді тағы да бір салармысың

Қайырмасы:
Қалың қалай, қалың қалай?
Соғып жүр ме жүрек дабылдамай
Сенесің бе, келесің бе жаныма?
Қалың қалай, хабарлассам
Қоңырауды жүрсің қабылдамай
Бір көрінші, бірге жүрші тағы да.

Шағаладай ойлар ұшты
Жан сырымды сезші айнам ішкі
Сағыныштан жүрек Күнге де ұшты,
Айға да ұшты.
Хабарыңды айтшы таптың ба
Жарға соқпас жайлы ағысты
Менің халім сенікіне байланысты.

Қайырмасы:
Қалың қалай, қалың қалай?
Соғып жүр ме жүрек дабылдамай
Сенесің бе, келесің бе жаныма?
Қалың қалай, хабарлассам
Қоңырауды жүрсің қабылдамай
Бір көрінші, бірге жүрші тағы да.