Серік Ибрагимов - Мектептегi махаббат

Серік Ибрагимов - Мектептегi махаббат текст

Енисей мен Еділді шатыстырып картадан,
Ең алғашқы махаббат басталады партадан.
Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта,
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта.
Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта,
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта.

Кешпегендер басынан, сенбе мейлі сен мейлі,
Ең алғашқы махаббат бірін-бірі көрмейді.
Айта алмас ем ерте деп, айта алмас ем кеш деп мен,
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен.
Айта алмас ем ерте деп, айта алмас ем кеш деп мен,
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен.

Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең-тоңды,
Ең алғашқы махаббат ,болу керек ең соңғы.
Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы,
Ең алғашқы махаббат, махаббаттың патшасы.

Енесей мен Еділді шатыстырып картадан,