Қуандық Рахым - Сағынбайды деймісің

Күліп жүрген ғашықтар
Шын күліп жүр деймісің?
Бақытына асыққан
Үлгеріп жүр деймісің?

Өмір бізден басқаны
Сынамады деймісің?
Көздерінен жас тамып,
Жыламайды деймісің?

Сүйіктім-ау, сабыр қыл,
Жаңылмайды деймісің?
Сені сүйген жаным бұл,
Сағынбайды деймісің?

Таусылғанда жігерім
Жүдемейді деймісің?
Саған бақыт жүрегім,
Тілемейді деймісің?

Тұрса көзге мұз қатып,
Жанға жайлы деймісің?
Көңіл бөліп бір уақыт
Арнамайды деймісің?

Көңіл бөлген жігіттер
Алдамайды деймісің?
Үміт беріп үмітпен
Арбамайды деймісің?

Сүйіктім-ау, сабыр қыл,
Жаңылмайды деймісің?
Сені сүйген жаным бұл,
Сағынбайды деймісің?

Таусылғанда жігерім
Жүдемейді деймісің?
Саған бақыт жүрегім,
Тілемейді деймісің?