Қуандық Рахым - Ғашықпын

Сен, жаным, нәзік гүл ме ең?
Сол үшін жазықты ма ең?
Ең қымбат бақытым бағалы
Қол бұлғап барады.

Қайда сол ғашық арман,
Жанардың жасын алған.
Жанымның жып-жылы бөлшегі
Сағындым мен сені.

Таңдай атқан алдан
Қардан аппақ арман.
Келбетіңді көруге мен асықтым.
Жанды баурап алған
Сол бір арман, арман.
Жүрегіңнің лүпіліне ғашықпын.

Бағы едің қандай жанның,
Әдемі әнге айналдың.
Тербеткен жанымды әуенің
Сен неткен жан едің?!

Көктемдей өзің көркем,
Аңсадым өзіңді еркем.
Қалмайық өкініш сезініп,
Бар ма айып өзімнен?

Таңдай атқан алдан
Қардан аппақ арман.
Келбетіңді көруге мен асықтым.
Жанды баурап алған
Сол бір арман, арман.
Жүрегіңнің лүпіліне ғашықпын.