Әбдіжаппар Әлқожа - Параллель

Әбдіжаппар Әлқожа - Параллель текст

Қызыл да жасыл жан жағы
Сендіріп сөзіңнің арзаны
Арбадың, алдадың ар жағы көп нүкте

Кездесер сәттерде көп пе еді
Бітті ме бізге ортақ түкте жоқ
Жолымыз түйісер нүкте жоқ, жоқ нүкте

[Қайырмасы]
Барамын десең бара бер
Біздің жолымыз параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер

Қаламын десең қала бер
Бәрібір жолың параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер

Адалдық бәрінін асқақ ұғым
Жанарым толғанмен ма жасқа мұң
Бақытқа баратын басқа жол табамын
Жалт сөніп сезімнің жарқылы
Қалсада азайып қарқыны
Басқаның жүрегі арқылы барамын

[Қайырмасы]
Барамын десең бара бер
Біздің жолымыз параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер

Қаламын десең қала бер
Бәрібір жолың параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер

[Қайырмасы]
Барамын десең бара бер
Біздің жолымыз параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер

Қаламын десең қала бер
Бәрібір жолың параллель
Екі жол бізді күтіп тұр
Біреуін таңдап ала бер