Марсель – Жан ана

Жан анам, сіз бар әлемде өмір бар.

Сенім бар, сезім бар.

Жан ана, сіз бар әлемнің мәні бар, әні бар.

Жаны бар.

Жылылық, ұлылық – өзің.

Қайырма

Әнді, әуенді сізге арналса, сізді жырласа, мәнді.

Желпіп әлемді араласам да, қарыздармын мен мәңгі. 

Жан Ана, сіз бар әлемде жақсыға қашан да өмір бар.

Жаныңды емдеп алар қайтадан сенемін арманға.

Жылылық, ұлылық – өзің. 

Қайырма

Әнді, әуенді Сізге арналса, сізді жырласа, мәнді.

Желпіп әлемді араласам да, қарыздармын мен мәңгі.