Сәуіржан Төлеш - Жалған өмір

Сәбидің жүрегіндей самалалы,
Фәниді жылыта ма жан алауы?
Бұл өмір жұмақ үшін аттай шапты
Адамдардың аламаны.

Жалған өмір, арман өмір.
Жайылған қолдардан, бізден де зорлардан қалған өмір.
Қайран өмір, майда қоңыр.
Замандар жалғасқан, адамдар алмасқан майдан өмір.

Жарыққа қол созамыз аспандағы,
Пыр-пырлап жүрегімнің қасқалдағы.
Бұл өмір сауап жасап жарысатын,
Шын өмірдің баспалдағы.

Жалған өмір, арман өмір.
Жайылған қолдардан, бізден де зорлардан қалған өмір.
Қайран өмір, майда қоңыр.
Замандар жалғасқан, адамдар алмасқан майдан өмір.