Индира Елемес - Жеңіс күні

Қайырмасы
Жеңіс күні тербетеді даланы,
Жеңіс күні нұрландырған сананы.
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс, жеңіс әнге айналып барады.

Жас балаша ер қадірін біледі,
Жасына арман қара аспанды түреді.
Жырлап жатыр бүкіл әлем жеңісті,
Жеңіс, жеңіс тіршіліктің жүрегі.

Қайырмасы
Жеңіс күні тербетеді даланы,
Жеңіс күні нұрландырған сананы.
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс, жеңіс әнге айналып барады. 

Қайта оралды арамызға ағалар,
Ұлы күнде шуақтанды аналар.
Жер бетінде мәңгі бізбен жасайды,
Қан майданда қалып қойған бабалар.

Қайырмасы
Жеңіс күні тербетеді даланы,
Жеңіс күні нұрландырған сананы.
Бейбіт елдің бақытына шомылған,
Жеңіс, жеңіс әнге айналып барады.