Marhaba Sabi - Marsqa

Марсқа кетем
Марсқа десең
Ғарышқа кетем
Ғарышқа десең
Сенімен, жаным сенімен
Алатау асып
Алысқа кетем
Шекара бұзып
Арманға жетем
Сенімен, жаным сенімен.

Әпермей - ақ қой маған "айды"
Көрсетпей - ақ та қойшы сол бір Дубайды
Жәй, Қапшағайдың жағажайын
Уайымсыз араласақ та сол жайлы
Ойланып денсаулықтың жайын
Күтейік 2050 - дің Май айын
Сол кезде Марс көріп қайтайық
Кемесімен Илон Маск ағайдың.