Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен – Менікі

Тағдырдың тарту еткен жолы

Мөп-мөлдір махаббатқа толы.

Қатар ғой бағым менен соры

Біз деген түсінбейміз соны.

Бұл – менің жаным, мәңгі күлкім

Мейірімге толсын жан жүрегім.

Қайырмасы:

Көгім де менің, күнім де менікі

Сен сүйген сән, өмір де менікі

Мен менсіз жүрегім

Менің де менікі

Ал менің "мен дегенім" сенікі.

 

Мөп-мөлдір қарап сондай тәттім,

Жанымды шам шырақтай жақтың.

Сен мені іздеп жүрген бақсың.

Мен сенің іздеп жүрген бақпын.

Бұл – менің жаным, мәңгі көгім

Мейірімге толсын жан жүрегім.

Қайырмасы:

Көгім де менің, күнім де менікі

Сен сүйген сән, өмір де менікі

Мен менсіз жүрегім

Менің де менікі

Ал менің "мен дегенім" сенікі.