Ғазизхан Шекербеков – Сезім үшін

Сен және мен –
Арамызда жол жатыр көлденеңнен.
Сағынышқа айналды бар ғұмырым,
Сенің сұлу көзіңді көрмегеннен.

Амалым жоқ,
Сені сүйген жүрегім жаралы боп.
Күнде жылап кеудем де сені аңсайды.
Жалғыздықтың мұнартқа аралы боп.

Сезім үшін
Бәрін қиып кетер ем,
Сөзің үшін.
Мен өмірді сүйемін керек десең,
Жәудіреген бір сенің көзің үшін.

Бір-ақ арман,
Сені барлық шуақтан құрап алғам.
Мөлдіреген көзіңдей мына аспаннан.
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам.

Жайнап тұрған,
Жанарың-ай жіпсіз-ақ байлап тұрған.
Сыңғырынан күлкіңнің айналайын.
Күн сәулесі секілді ойнап тұрған.

Күйіп-налып,
Жолдың бәрі өзіңе тұйықталып.
Мен өмірді қайтадан бастадым ғой,
Мәңгілікке өзіңді сүйіп қалып.

Сезім үшін
Бәрін қиып кетер ем,
Сөзің үшін.
Мен өмірді сүйемін керек десең,
Жәудіреген бір сенің көзің үшін.

Бір-ақ арман,
Сені барлық шуақтан құрап алғам.
Мөлдіреген көзіңдей мына аспаннан.
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам.