Ринат Тәттібай & Мәншүк Тұрсынғазина – Наурыз

Мәншүк Тұрсынғазина:

Ән шырқайын, тыңдашы,

Келді міне, жыл басы.

Төрге енді.

Қуанышқа, бақытқа, ерекше бір шаттыққа

Ел бөленді.

Ринат Тәттібай:

Жақсы хабар таратам,

Атты бүгін жаңа таң.

Көктем келіп.

Көгімде ән тербесін,

Қуанышты ел көрсін.

Көктемге еріп.

Қайырмасы

Наурыз, наурыз,

Бастауы бар тірліктің.

Наурыз, наурыз,

Дәрігері бірліктің.

Наурыз, наурыз,

Ұлы күні ұлыстың.

Наурыз айы

Басы ғой бар ырыстың.

Ринат Тәттібай:

Атты таңым арайлы

Ел қуана қарайды

Ертеңіне.

Шаттанады бар адам,

Көгерді деп жаңадан

Жер-көгім де.  

Мәншүк Тұрсынғазина:

Әз наурым – мерекем,

Таси берсін берекем

Даналығың.

Жырдан шапан жабайын

Құтты болсын, ағайын.

Жаңа жылың.

Қайырмасы



Бөлісу: