Меломен - Гүлнәрім

Лаулаған, аумаған,
Сен гүлдер ханшасы.
Жетем деп бұл опат,
Ғашықтың ханшасы.
Елеске толтырып,
Жер мен көк арасын.
Шулатып, тулатып,
Қанымды барасың.

Қайырмасы

Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Ұйқымды менің ұрладың.
Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Жаза алмай жүрген жырларым.

Гүлнәрім менің, Гүлнәрім,
Махаббат толы жылдарым.
Жасырып елден жүрмін мен,
Жүректе сендей гүл барын.

Арманым алдай ма,
Қалайша бос елес?
Мен саған ғашықпын,
Ғашықпын дос емес.
Әлде сен жанбысың,
Жүрегі бос емес.
Бармайды қоңырау,
Бармайды смс.

Уайымға салыну,
Жоғалту табу.
Сағыныш астына,
Жанарды малу.
Үмітті жағу,
Жолыңды бағу.
Сағынып жану,
Амалсыз қалу.
Қуана күрсіну,
Тағы бал, тағы у.
Дертіңе дәру,
Таусылу толу.
Көздерің қару,
Жаралау, жару.
О махаббат,
Жоғалту табу.

Уайымға салыну,
Жоғалту табу.
Сағыныш астына,
Жанарды малу.
Үмітті жағу,
Жолыңды бағу.
Сағынып жану,
Амалсыз қалу.
Қуана күрсіну,
Тағы бал, тағы у.
Дертіңе дәру,
Таусылу толу.
Көздерің қару,
Жаралау, жару.
О махаббат,
Қосу алу.

 

 

 



Бөлісу: