Nurbullin & Жұпар Садақбаева - Сырласуға қалай қарайсыз?

Мен басқаны, сіз басқаны,
Жігіт жыры, қыз дастаны,
Көңіл бірақ керегін іздер.
Сырыңызды ақтарасыз,
Жанға жақын боп барасыз,
Тағдырласпыз себебі біздер.

Қайырмасы

Жанарларды жасқа бүгіп,
Сіз айтатын басқа жігіт,
Мен айтатын өзгедегі қыз.
Кеудемдегі тылсым менің,
Жүрегімнің күрсінгенін,
Ұнайды осы сезбегеніңіз.

Көңіліңіз гүлше ептеп,
Құлдырайсыз бір биіктеп,
Құбыласыз қалай қалай сіз?
Жүреміз бе жоққа налып,
Бірге саябаққа барып,
Сырласуға қалай қарайсыз?

 Қайырмасы

Жанарларды жасқа бүгіп,
Сіз айтатын басқа жігіт,
Мен айтатын өзгедегі қыз.
Кеудемдегі тылсым менің,
Жүрегімнің күрсінгенін,
Ұнайды осы сезбегеніңіз.

Өткен өтті ұмытыңыз,
Үзілмесін үмітіміз,
Қай мекенде қалауыңыз кім?
Кешегі күн келмейді ме,
Ертеңіміз емдейді ме,
Қос жүректі жаралы біздің.

 

 

 

 



Бөлісу: