Ерке Есмахан - Еркелей берем

Еркелік - қыз балаға тән қасиет. Қылықтылық та, нәзіктік те қыз балаған қалай әсемдік сыйласа, еркелік те оның мәртебесін көтеріп тұрады. Назарларыңызға Ерке Есмаханның орындауындағы "Еркелей берем" әнін ұсынамыз.

Сағынасың, сен мені сүйесің, еркелетесің,
Көңілімді аулайсың, кешімді көркем етесің.
Қадіріме сен менің баскадан ерте жетесің!
Өмір теңіз толқыса, жаныңды желкен етесің!

Кайырмасы:
Еркелей берем, еркелей берем,
Құшағыңа бір қысып
Сен мені жалғызым десең!
Еркелей берем, еркелей берем,
Еркелетіп, құшақтап
Сен мені тағдырым десең!

Қуанышпен шаттыққа толтырып
Әрбір күнімді!
Махаббат пен сезімнен сыйлайтын алтын гүлімді!
Баяны бар бақытқа бөледің
Жаным сен мені,
Ал мен болсам бір саған арнадым
Бар ғұмырымды!