Лара Рысбай & KN вокалдық ансамблі - Ойланыңдар

Көзіне бөбектің,
Жас толды неге?
Жазықсыз, ағаттық кездер,
Қас болды неге?
Сәбилер далаға,
Тасталды неге?
Адалдықты алаяқтық,
Басқарды неге?
Қара жер ортақ анамыз,
Адамзат туыс боламыз.
Тәніміз жерден жасалған,
Сақтасын соны санамыз.
Ойланыңдар, ойланыңдар!

Қайырмасы:

Жерде қайғы болмасын,
Перзент болсаң дәл елде.
Тек махаббат орнасын,
Мәңгілік әлемімде.

Құбылады өмір,
Заманға лайық.
Жаралансақ жаратқанды,
Жамандамайық!
Ананы жылатпай,
Бауырды сөгіп.
Барлығымыз адал жүрек,
Адам болайық!
Қара жер ортақ анамыз,
Адамзат туыс боламыз.
Тәніміз жерден жасалған,
Сақтасын соны санамыз.
Ойланыңдар, ойланыңдар!