Беркут & Аиша - Бәрі керек

Бәрі керек 
Көңілге бәрі керек,
Бәрінен де 
Жанға дәрі керек.

Әрі бөлек
Өмірдің әні бөлек,
Шын бақыттың
Тағы мәні бөлек.

Қайырмасы:
Байландым, байландым,
Сезімменен мен сенің байландым.
Байландым, байландым,
Ең бақытты жанға мен айналдым.

Рики, рики бай,
Рики,рики бай-бай,
Барша жұлдыз жанған аспанда
Рики, рики бай,
Рики,рики бай-бай,
Жолымызға шуақ шашқандай.

Бәрін берем, 
Өзіңе бәрін берем
Бір сен үшін
Барамын бәріне мен.

Әлі келем,
Ғашық болып әлі келем
Осы шығар 
Өмір мәні деген.