Гүлнұр Оразымбетова - Сүйген жүрек

Мұң кернеп жүректің пернесін

Махаббат жылады.

Көрмесін

Сүйген жан сезімнің елесін

Бақыттың толқыны тербесін.

Қайырмасы

Сүйген жүрек алқынба,

Соқшы ғашық қалпыңда.

Сағынбау күнә

Махаббаттың шартында.

Сүйген жүрек алданба

Сергелдеңге салғанда.

Сүйген жандар қосылады

Бұл жалғанда, жалғанда.

Көз жасың – сезімнің жаңбыры

Сағыну – сүйгеннің тағдыры.

Әлемге жақсылық орнайды

Сүйсе егер жүректің барлығы.

Қайырмасы

Сүйген жүрек алқынба,

Соқшы ғашық қалпыңда.

Сағынбау күнә

Махаббаттың шартында.

Сүйген жүрек алданба

Сергелдеңге салғанда.

Сүйген жандар қосылады

Бұл жалғанда, жалғанда.