URKER – Махаббат Әні

Мамырда майда гүл кешкен айда,
Гүл кешкен айда болдын сен пайда.
Оралсаң ойға от ойнар бойда
Жолыққан сәттер жалғасты тойға.
 
Жаным деген сөзің қандай?
Жүрегіме жазылғандай.
Көзің қандай, сезім қандай?
Бір ғасырға созылғандай!
 
Балалық әлгі қол бұлғап қалды,
Көтердің туын махаббат мәңгі.
 
Жаным деген сөзің қандай,
Жүрегіме жазылғандай
Көзің қандай, сезім қандай
Бір ғасырға созылғандай


Бөлісу: