Бауыржан Ретбай - Саған ғашық

Сүрініп сөзңі суынып сезім
Жуынып көзің тұр әлі жасқа
Кетесің жырақ қайтесің жылап
таңдаған өзің менен алыс жол
Сен айтқандай болса бәрі
Кетпе дегім келсе дағы
Бөгемеймін мен жолынды босқа

Қайырмасы:
Табылмас өзгеден жүрек қалауым
Болсаң да сен сағым
Өзің жаққан енді сөнбейді жалын
Мен саған жұмбақ қып тілеп қалармын
Ашылсың деп бағың
Арайлап атсың таңың
Тек ұмытпашы жаным
Саған ғашық бір адам барын

Біз мінген қайық  бағыттан тайып
Болды ғой ғайып үміттен арман
Бір жүрген кезде айтылған сөздер
Екенің білмедім менде жалған
Мен саған кінә тақпаймын
Есімде бірақ сақтаймын
Елесіңді жүрегімде қалған

Қайырмасы:
Табылмас өзгеден жүрек қалауым
Болсаң да сен сағым
Өзің жаққан енді сөнбейді жалын
Мен саған жұмбақ қып тілеп қалармын
Ашылсың деп бағың
Арайлап атсың таңың
Тек ұмытпашы жаным
Саған ғашық бір адам барын



Бөлісу: