Өктем Алтаев – Аяулым

Бақытқа толы, шаттыққа толы
Күндер сыйлайын мен саған
Арманға толы, жұлдызға толы
Түндер сыйлайын мен саған

Қайырмасы:

Көңілім күз боп тұрса да,
Мұз боп сынса да,
Сені сүйіп өтемін, Аяулым

Көңілім күз боп тұрса да,
Мұз боп сынса да,
Сені сүйіп өтемін, Аяулым
Сені сүйіп өтемін, Аяулым

Ойымда сенсің, айымда сенсің
Бар жұлдызым да бір өзің
Ғашық еткен де, асыл еткен де
Жайдары жаздай мінезің

Қайырмасы:

Жүрегім от боп жанса да,
Шоқ боп қалса да,
Сені сүйіп өтемін, Аяулым

Жүрегім от боп жанса да,
Шоқ боп қалса да,
Сені сүйіп өтемін, Аяулым
Сені сүйіп өтемін, Аяулым

Жүрегім жылап тұрса да,
Жырлап тұрса да
Сені сүйіп өтемін, Аяулым

Жүрегім жылап тұрса да,
Жырлап тұрса да
Сені сүйіп өтемін, Аяулым
Сені сүйіп өтемін, Аяулым



Бөлісу: