ML- Boıaýsyz

Жібере алмайын жалғыз бүлінем

Көлеңкең тән егіз көрінем.

Бекер кемсінесің лайықсызбын деп 

Тек сен жұбатасың керекті сөзіңмен.

Ашуланба сымым сыймайды деп

Бекер бұлданба көріксізбін деп.

Бояусыз көзің қарсы алса таңымды

Қорылдағаның құлаққа жағымды.

Қайырмасы:

Қашықтаймыз әлемнен,

Лайым уайым жоқ,

Біз қалаған дөп төзім боп.

Кемпірқосақ әлемнен

Мұндай ғажап жоқ, біз қалаған дөп.

Айнаға қарап толдым десең күлем

Бас тарта алмайсың тәттіден білем

Бетіңнің сепкілін жақтырмағаныңмен

Әр кемшілігіңмен мен сені сүйем.

 

Ебедесейсіз биік жарасады,

Тамашалап көзім тынығады

Сакура иісің тек маған жаралған

Сезім түтіні қаныма таралады

Қайырмасы:

Қашықтаймыз әлемнен,

Лайым уайым жоқ,

Біз қалаған дөп төзім боп.

Кемпірқосақ әлемнен

Мұндай ғажап жоқ, біз қалаған дөп.

Айнаға қарап толдым десең күлем

Бас тарта алмайсың тәттіден білем

Бетіңнің сепкілін жақтырмағаныңмен

Әр кемшілігіңмен мен сені сүйем.