Айгүл Иманбаева – Көргім келеді

Айгүл Иманбаева – әншілігінде де, әртістігінде де бір мін жоқ тұлға. Бұл жолғы бейнебаяны да ойға келмейтін ерекше оқиғаға құрылған. Фитнес орталығынан кездестіріп, кейінгі өмірін тоғыстыратын тағдыры қалай сынайды екен? Клиптен көріп, бағасын беріңіз.

Асыққанда сені көруге
Бәрін тастап барғым келеді,
Сен қаласаң жүрек төрінде
Мәңгі қалғым келеді.
Қол жетпейтін арман көгінде
Жұлдызың боп жанғым келеді,
Бірге болсақ болды өмірде
Саған ғашық жанмын себебі.

Қайырмасы:
Көргім келеді
Саған ғана сезім кілтін бергім келеді.
Сенгім келеді
Қайда барсам сеніменен ергім келеді.
Ергім келеді.
Бар уақытты өзіңе, жаным, бөлгім келеді.

Жүрегімді менің жылатпа
Сүйгеніңе сенгім келеді.
Түсірсе де тағдыр сынаққа
Өзіңменен жеңгім келеді.
Мен сенімен, жаным, бірақ та
Бәріне де көнгім келеді.
Жанымда бол, кетпе жыраққа
Күнде сені көргім келеді.

Қайырмасы:

Көргім келеді
Саған ғана сезім кілтін бергім келеді.
Сенгім келеді
Қайда барсам сеніменен ергім келеді.
Ергім келеді.
Бар уақытты өзіңе, жаным, бөлгім келеді.

Сүйем себебі,
Бірге бақыт құшағына
Енгім келеді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту