Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Төреғали Төреәлі & Диана Исмаил - Уәде қайда

Төреғали Төреәлі & Диана Исмаил - Уәде қайда

Диана:
Мені көргенде, ғашықпын дедің,
Қуаныштан тасып тұр едің.

Төреғали:
Сені көргенде, сүйемін дедім,
Маған арман – шие еріндерің.

Диана: 
Екеуміз шерткен сырлар-ай
Сендім, ешкімді тыңдамай.
Сөзіңде тұратын жігіт ең...
Бұл қалай?

Төреғали:
Болғасын әсем отадай,
Сөзіме сендің оп-оңай.
Адамның дегені болмайды,
Ботам-ай?

Диана: 
Анда апармын дегенің қайда?
Мында апарамын дегенің қайда?
Париж, Лондон деп едің қайда?
Қайда екен?

Төреғали:
Егілме сен, езілме бұршақ.
Қарасармыз қолымда болса,
Армандайтын Европа сонша, 
Ай ма екен?

Диана:
Қымбаттым, енді
Уақыт келді,
Аралайтын ел менен жерді.

Төреғали:
Мендей расында,
Дос табасың ба?
Бақыт – үйдің асханасында.

Тегтер:

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис ЕсқалиТомирис Есқали
Қосылған күні:21 желтоқсан 2019, 12:22
Тегтер:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.