Диета.KZ – Бұл махаббат

Шынар-а-а-ау, Ләйлі-і-ім деген секілді тойда секіріп билейтін әндерді айтатын Диета.KZ  тобы бұл жолы лирикалық әуенге бет бұрған екен. Бейнебаяны «Өнер қырандары» театрында өнер көрсететін Жанболаттың идеясы бойынша түсірілгендей бейнеленеді. «Кім айтты семізде жүрек жоқ, тек қана асқазан бар деп?» Толық адамда махаббат болмай ма, оларға әдемі қыздар қарамайды дегенді кім шығарды? Бейнебаян осы тақырыпқа арналған.

Бақытымды тек сен көрші,
Жанып тұрғандай көзіңде от.
Дертіме менің ем болшы,
Көркіңе сенің сөзім жоқ. 2 рет

Бұл махаббат басқада жоқ,
Жолы бөлек сезім бар.
Сол сезімді оятқан
Сенің тәтті сөзің бал. 2 рет

Бұл махаббат жалынды от,
Сөндірмейтін төзім бар.
Сенің тәтті сөзің бал,
Қасымда тек өзің қал. 2 рет

Бақытымды тек сен көрші,
Жанып тұрғандай көзіңде от.
Дертіме менің ем болшы,
Көркіңе сенің сөзім жоқ. 2 рет

Болса да қанша сұлулар
Біреуі қалар жолыңда.
Уақыттың құлпы өлшеулі
Бақыттың кілті қолыңда. 2 рет

Әркімнің өтер уақыты
Өткінші бәрі шынында.
Сезімнің нағыз бақыты
Тек адалдықтың туында. 2 рет

Бақытымды тек сен көрші,
Жанып тұрғандай көзіңде от.
Дертіме менің ем болшы,
Көркіңе сенің сөзім жоқ. 2 рет