Madi Rymbaev - Aiym

Ешбір ойсыз,
Айменен сырласып келдім мен бұл түнде.
Бейтаныс қыз
Алыстан қарап тұрды маған күлімдеп.
Көктемнің суық түнінде
Сәулеңмен еріттің мұздай жанымды
Менің.
Баурадың мені бір сәтте,
Толтырдың ішімде болған сағымды
Бірақ...

Қайырмасы:

Үнсіздікпен
Үндескен жауапсыз бұл махаббат,
Махаббат.
Батылым да жетпеді
Жақындауға бұл түні
Айым,
Қажетсің маған.

Санай алмайм,
Көлемін іштегі сағынышымның.
Таба алмайм,
Енді сендей егізін менің жанымның.
Бұрылмай кеттің қашықтап,
Жалғыздыққа тастап мәңгі.
Неге?
Мүмкін босқа армандағам,
Сенгем көзбояуға жалған бекер.
Неге?

Қайырмасы:

Үнсіздікпен
Үндескен жауапсыз бұл махаббат,
Махаббат.
Батылым да жетпеді
Жақындауға бұл түні
Айым,
Қажетсің маған.



Бөлісу: