Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Серік Ибрагимов & Елдос Сметов - Жаным, бауырым

Серік Ибрагимов & Елдос Сметов - Жаным, бауырым

Бауырым менің, ерекең ердің
Жүрген жеріңді береке дермін
Сауық пен сайран, мерекелердің
Ажарысың, ажарысың

Бауырым менің, төрге жетейік
Төрге жетсек те, ел деп өтейік
Екеуміз мәңгі еңбек етейік
Қазақ үшін, қазақ үшін

Қайырмасы:

Жаным, жаным, жаным, жаным, жаным бауырым
Мен тілеймін арманыңның орындалуын
Додаларда тимесінші жерге жауырын
Елге арналсын жеңістеріміз

Әніміз біздің жаңғырған шығар
Сері мен балуан сан құрған шығар
Біз тату болсақ, алдыңнан шығар
Гүлденген жол, гүлденген жол

Бауырсыз жігіт мырза болармас
Мырза болмаса, шын бағаланбас
Шығарайықшы бір жағадан бас,
Бір жеңнен қол, бір жеңнен қол

Қайырмасы:

Жаным, жаным, жаным, жаным, жаным бауырым
Мен тілеймін арманыңның орындалуын
Додаларда тимесінші жерге жауырын
Елге арналсын жеңістеріміз

Тегтер: Серік Ибрагимов, Елдос Сметов, Жаным, бауырым текст

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты ЖапатоваАқтоты Жапатова
Қосылған күні:09 қараша, 14:46
Тегтер:Серік Ибрагимов, Елдос Сметов, Жаным, бауырым текст

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.