Эпизод тізімдері

"Массагет" аялдамасы

Негізгі / Айдана Меденова – Мазалама

Айдана Меденова – Мазалама

Kesh You тобының алтын құрамында өнер көрсетіп, қазір жеке шығармашылығы арқылы қазақ мәдениетін дамытып жүрген әнші Айдана Меденованың бұл жолғы әні де, бейнебаяны да ерекше. Талғамы биік талант иесі жаңа образда, жаңа қырынан танылады. Қазіргі «қыздардың барлығы қымбат сыйлыққа, жігіттің байлығына ғана қызығады» деген стереотиптке қарсы шығатын «Мазалама» әнінің сөздері де мәнді.

Еліктірдің мені қатты, сөздеріңмен тәтті-тәтті,
Оңай жаулап алам дейсің мендегі бұл махаббатты.
Қажеті жоқ арзан гүлдің, гүлді күнде алып жүрмін,
Соған бола сүйіп қалсам, өзің айтшы сонда кіммін?!

Қайырмасы:
Айдан алқа тағып берсең де,
Жұлдыз жүзік салып берсең де,
Болмашыға алдана салар мен емес, мен емес.

Жүрегімді менің жазалама,
Шын сүймесең мені мазалама. 2 рет.

Еліктірдің мені тағы, бірақ жалған соның бәрі-бәрі,
Жүрегімді ұсынар ем, сөздеріңнің болса мәні.
Қажеті жоқ қымбат сыйың, ол мен үшін тұрар тиын,
Сыйлық беріп сатып алар – мендік жүрек емес бұйым.

Қайырмасы

Тегтер: Айдана Меденова, Мазалама, текст песни, әнінің сөзі, Мазалама текст песни

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел АсановаӘсел Асанова
Қосылған күні:02 қараша, 21:55
Тегтер:Айдана Меденова, Мазалама, текст песни, әнінің сөзі, Мазалама текст песни

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.