Бейбіт Кушкалиев - Достық

Достық, махаббат – мұның барлығы қарым-қатынасқа құрылатын сезімдер. Құрамы бірдей: шынайылық, жылулық және сенім. Егер қасыңыздағы адамға деген сеніміңіз жоғары болса, оның қасында өзіңізді еркін сезінсеңіз, "досым" деп қорықпастан айта беріңіз.