Ethno5 - Жанна

Назарыңызға Ethno5 тобының "Жанна" әніне түсірілген клибін ұсынамыз. 

Ethno5 – домбыра, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, қобыз аспаптарының сүйемелдеуімен жаңашыл музыка жасап жүрген этно-поп ұжым. 2017 жылы хобби ретінде бастаған Ethno5 тобы бүгінде өз стилін тапқан, тәжірибелі музыканттарға айналды.

Ұжым 25-26 мамыр күні өтетін The Spirit of Tengri халықаралық музыка фестиваліне қатысады. Естеріңізге сала кетейік биыл VII рет өткелі жатқан фестиваль Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін.