Балалар жаңажылдық костюмін қолдан тігу

Балалар жаңажылдық костюмін қолдан тігу

Сәбилерге қуаныш сыйлауды бірінші орынға қоятын ата-аналар үшін — жаңа жыл ерекше мейрам. Себебі, балақайлар жаңа жылда таңғажайыптың боларына сеніп, асыға күтеді. 

Бесіктегі сәбиіңіз ертегі кейіпкерлерін түсіне қоятын жасқа жетпесе де, әдемі костюм тігіп, отбасының басқа мүшелерін қуантуға болады. Бір жағынан, ертегі кейіпкерлерінің киімін киінген балаңыздың фотосуреттері отбасылық фото қоржынының ең құнды жәдігеріне айналады. 


Қызыл бұрыш киген балақай. Қызыл және жасыл маталардан мынадай қызыл бұрыш көкөнісін тігуге болады. Екі қолын шығарып, қалпағын болса, бөлек пішіп, қосқанда, қызыл бұрыш шыға келеді.


 

 


Клоун. Клоун — ерекше көңілді кейіпкер. Әрі клоун киімін тігу оңай. Дүкендер мен базарларда  да дайын киімдер бар. Әсіресе, ер балаларға жараса кететін клоун киімін тігу де қиын емес. Бар болғаны, түрлі-түсті дөңгелекшелері бар матадан комбининзон шығарасыз. Ал бас киімді алдымен қағаздан қиып алып, сыртынан әлгі матаны желімдейді. Қызыл далаптың көмегімен мұрын мен бетке дөңгелекшелер салыңыз.

 

 


 

Ара. Араның киімін қолдан шығару аздап қиындық тудырады. Қара және сары түсті масаты матасынан тігілген киімнің бұл үлгісі де дүкендерден кездеседі.

 

 

 

 


 

Қонжық. Балақай ойнап жүрген қонжықты өзіне кигізу — жаңа жылды қарсы алуға таптырмас шешім. Ол үшін көне ішік қажет. Бөбектің пішініне сай етіп пішілген киім барлық жандардың таңданысын туғызатынына күмәніміз жоқ.

 

 

 

 

 

 


Кішкентай сүйкімді қыздар үшін таптырмас киім — сәнді көйлек.  Бұл күні дүкендерде көйлектердің түр-түрісі бар. Әрі жарасымды, әрі мерекелік шырша көйлегі кез келген бүлдіршенді “ханшайымдай” сезіндіреді.

 

 


 

 


Тағы да бірнеше жаңа жылдық сәбилер киімдері назарда:


Суреттер superdekret.ru, mamulkikrasotulki.ru, on.kz сайттарынан алынған