Жазира & Лаззат – Қазақ аруы

Бірге тумақ бар болғанымен, бірге жүрмек жоқ. Апалы-сіңлілі қыздар бір-бірін қаншалықты жақсы көрсе, соншалықты қашықта жүреді. Себебі олар туған үйінің емес, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ұрпағын көбейтуге жаралған. "Ақ ботам" сияқты қыз ұзату тойларына арналған әндерімен халықтың сүйіктісіне айналған Жазира Байырбекованың ән қоржыны тағы бір әуенмен толықты. Әпкесін не сіңлісін үйінен ұзатып, шығарып саларда айтар ән іспетті Жазира мен Ләззат орындаған жаңа туындының бейнебаяны да апа мен сіңлі арасындағы терең махаббатты көрсетеді.