Ерке Есмахан – KZ жігіт

Бүгін Ерке Есмахан айтқан әннің бәрі хитке айналып шыға келеді. Жуырда ғана ерке қыздың өзі "Халық "Жоқ-жоқ" әнінен кейін "Бар-бар" деп әндетуімді күтті. Бұл жаңа туынды осы екі аралықтағы маған қандай жігіт ұнайтынынан, болашақ жарым қандай болуы керек екенінен хабар беретін ән",– деп сұхбат берген еді. Әуен мәтініне қарасақ, Еркенің жары ең бастысы қазақ болуы керек, жүрегінің тазалығына мән береді екен. Әсем Алматының әр жерінде жүріп түсірген бейнебаянындағы әншінің түрлі образына көз тоймайды. Өзіңіз тамашалап, бағасын беріңіз.